Аймақтар • 27 Маусым, 2022

Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр

1 мин
оқу үшін

Алматыда екі қабатты мейрамхана өртеніп жатыр. Қалалық ТЖД жедел штабтың жұмысы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр

«ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданындағы Бәйтереков көшесі, 13 мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежесінде жұмыс істейді. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі өртенді. Жедел штабтың жұмысы басталды», делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, жанып жатқан ғимараттан 50 литрлік үш газ баллоны эвакуацияланды.

«Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды. Өрт 9:15-те ауыздықталды, таралу қаупі жойылды», деп толықтырды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10