Президент • 24 Маусым, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогында әлем бойынша инфляцияның қарқынды өсуі шешімін қажет ететін тағы бір өзекті міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті

«Қаржы ахуалының нашарлауы қарызы көп мемлекеттерге, бизнес пен отбасылардың тұрмыстық жағдайына ауыр тиіп қана қоймай, жаһандық жеткізу желісінің бұзылуына әкеп соқтырады. Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы «аралық нарық» ретінде пайдасын тигізе алады. Ұзақ мерзімді перспективада бізге ашық, әділ, өзара үйлесімді әрі орнықты жаһандық экономиканы сақтап қалу керек. Бұл ретте, өсім мен өзара байланыстылықтың жаңа дәуіріне жол ашатын БРИКС+ және «Бір – белдеу, бір – жол», сондай-ақ Үлкен Еуразиялық серіктестік бастамаларының мол әлеуеті бар екенін көріп отырмын», деді Қ.Тоқаев.