Қазақстан • 22 Маусым, 2022

Жансая Әбдімәлік Қазақстанда шахмат мектебін ашуды ұсынды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шахмат шебері Жансая Әбдімәлік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Қазақстандағы шахматты дамытуға бағытталған ұсыныс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жансая Әбдімәлік Қазақстанда шахмат мектебін ашуды ұсынды

«Мен елімізде шахматты дамытуға бағытталған бірнеше ұсыныс дайындадым. Менің ойымша осы ұсыныстар елде шахматты алға оздырып, қордаланған мәселелерді шешудің негізгі жолы бола алады. Қазір бізде жүйелі мемлекеттік қолдау жоқ. Мен елімізде шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу керек деп есептеймін. Бұл мәселе Алматы қаласының әкімімен кездесуде де талқыланды», деді шахматшы.

Оның айтуынша, бұндай мектепте елдің әр түкпірінен жиналған балалар оқи алады.

«Біз ең талантты балаларды іріктеп аламыз. Ол жерде 1500-ден астам бала оқиды. Оның 300-і шахмат пен ІТ-саланы тереңдетіп оқытатын интернаттан білім алады. Неге ІТ-саланы қостық дегенге келсек, түрлі эксперименттер жүргізілген. Түрлі ғылыми баяндамалар да бар. Шахматшының ойлау қабілеті ІТ-маманның ойлауымен бірдей. Біз 5 сыныптан бастап дәл осындай ғылыми бағдарлау тәсілін енгізбекшіміз. Сол арқылы саланы дамытуға болады», деді Жансая Әбідмәлік.

Айта кетсек, Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты құптады.