Оқиға • 18 Маусым, 2022

Химиялық қалдықтарды өртеген кәсіпкер сотталды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті химиялық қалдықтарды өртеген көкшетаулық кәсіпкер 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Химиялық қалдықтарды өртеген кәсіпкер сотталды

«Зеренді аудандық сотымен Қылмыстық кодекстің 325-б. 3-б. бойынша «ЭКО-Гарант» ЖШС-нің бас директоры А.А.Теміров кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол 2016-2019 жылдары аралығында құрамында цианид бар қауіпті химиялық қалдықтарды көміп, жаққан. Бұл қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде залал келтірген», деп жазылған прокуратураның хабарламасында.

Кәсіпорындағы қоршаған ортаның ластануы апатты деңгейде болғаны анықталған.

Сотпен кәсіпорыннан қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында 150 млн теңге шамасында айыппұл өндіріліп алынған.