Марафон мынадай қашықтықтарда өтеді: 21,1 км, 10 км және 10 км қашықтыққа скандинавиялық жүріс. Қатысушылар орталық көшелермен жүгіріп өтіп, елорданың көрікті орындарын – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайын, Бәйтерек, Хан Шатыр, Тәуелсіздік сарайын, Ботаникалық бақты және т.б. көре алады. Қатысушылардың болжамды саны – 4 мың адам.
Нұр-Сұлтандағы жарыс тегіс трассада өтетінімен ерекшеленеді. Қатысушылар мен жанкүйерлер үшін үлкен ойын-сауық бағдарламасы әзірленіп жатыр. Барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі. Абсолютті санаттағы 21 шақырымға жүгірген ерлер мен әйелдер арасындағы ең жүйріктері ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын – 450 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге, 3 орын – 350 000 теңге. 21 км және 10 км қашықтыққа жүгіретін белгілі бір жас санатындағы жеңімпаздар серіктестерден сыйлықтар алады.
Жарыстық нөмірлер 17-18 маусымда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ЕХРО ХКО-да Qazaqstan Live Fest көрмесі кезінде беріледі. Жарыс күні нөмірлер берілмейді.