Білім • 14 Маусым, 2022

Жоғары оқу орындарын тексеру жұмыстары жалғасады

1452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Аймағамбетовтың сапасыз білім беретін жоғарғы оқу орындарын тазалау жұмысы жалғасады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғары оқу орындарын тексеру жұмыстары жалғасады

«Иә, Асхат Қанатұлы үлкен жұмыс атқарды. Ол қоғам тарапынан да, Президент тарапынан да жоғары бағаланды. Біз осы принципиалды позициямызды ұстанып, жоғарғы оқу деңгейінде ең бірінші сапаны қамтамасыз етуге бүкіл күш-жігерімізді саламыз. Министрліктің басты бағыты осы болады. Сондықтан Асхат Қанатұлы бастаған жұмысты жалғастыратынымыз анық», деді Саясат Нұрбек.