Қоғам • 09 Маусым, 2022

Әскерге баруға міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру басталады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Шекара қызметінің әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы бұйрығы жарияланады. Осыған байланысты биыл әскери жиындарға 150 борышкерді шақыру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскерге баруға міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру басталады

«Аталған әскери жиынды ҰҚК Шекара қызметі 2022 жылы 30 күндік мерзімде, бұдан әрі жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Әскери жиын кезеңінде міндеттілердің жұмыс орны мен лауазымы сақталады. Оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге - ең төменгі жалақы төленеді», делінген құжатта.

Бұйрық 20 маусымда күшіне енеді. Құжатта көрсетілгендей әскери жиындардан жалтарған азаматтарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.