Парламент • 09 Маусым, 2022

Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайды

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент палаталарын құрудың референдум арқылы мақұлданған жаңа ережесі сегізінші шақырылымның Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайды

«Парламент палаталарын құрудың жаңа тәртібін айқындайтын нормалар сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады», деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол жетінші шақырылым депутаттары әзірге таратылмайтынын түсіндірді.

«БАҚ өкілдері қазір бізге «Конституциялық реформалардан кейін жетінші шақырылым таратыла ма?» деген сияқты сұрақтар қойып жатыр. Қазір жетінші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір жетінші шақырылымды тарату туралы мәселе қойылып отырған жоқ», деді Алма Мұқанова.

Аяна Тоғанбек