
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Референдумды бағалау жөніндегі миссиясының басшысы Тамаш Месеричпен бірқатар мәселе жөнінде пікірлесті. Сонымен қатар комиссия төрағасы Тамаш Месеричге референдумды байқау бойынша атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде комиссия төрағасы Тамаш Месерич 5 маусымда өткен республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу жөніндегі жұмыстың аяқталуымен құттықтап, референдум ұйымдастырушыларына референдум комиссияларының барлық деңгейлерінде миссиямен тиімді өзара іс-қимыл жасалып, жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Екі тарап тұрақты консультациялар режімінде және сайлауаралық кезеңде бір-бірімен тығыз ынтымақтастығын жалғастыруға ниетті.
Кездесуге ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров, ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ Миссия басшысының орынбасары Доминик Хоуэлл, Миссияның саяси мәселелер жөніндегі маманы Рашад Ширинов, Миссияның сайлау мәселелері жөніндегі маманы Адина Боркан қатысып, пікірлерін білдірді.