Қоғам • 08 Маусым, 2022

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтеді

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтеді

«Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді.

Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау», деді Мемлекеттік хатшы.