Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Жаңа қоғам құру жұмысы қыза түседі

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарапынан келген байқаушылар бес топқа бөлініп, Қазақстандағы конституциялық реформаның өту барысын барлады. Сайлауға келген халықпен пікірлесті, бақылаушылардың ойларын тыңдап көрді.

Жаңа қоғам құру жұмысы қыза түседі

Бір анығы, референдумға дайын­дық жұмыстары өте жоғары деңгей­де ұйымдастырылғанын аңғар­дық. Дауыс беру процесі де бір жүйеге кел­тірілгені даусыз. Байқаушыларымыз ағылған халықпен сұхбаттасу барысында елдің референдумға деген қызығушылығына риза болды. Халық шын мәнінде белсенділік танытты.

Конституциялық реформаға байланысты өткен жалпыхалықтық референдумда байқаушыларымыз ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін ресми түрде мәлімдеді. Мұның барлығы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесі деп білеміз. Ал саяси науқанға келген жұрттың жүзінен қуаныштың табы аңғарылып тұрды.

Қазақстан халқы Президенттің ұсынған өзгерістерін қолдады. Олар Қазақстанды дамыту жолында жаңашыл көзқарас керектігін түсініп отыр деуге толық негіз бар. Қысқасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан Жаңа Қазақстанды құру жұмыстары енді қыза түседі. Бұл, әрине, қолдауға тұрарлық бастама.

 

Чжан МИН,

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы