Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Қазақстан – Еуроодақ үшін маңызды әріптес

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық одақ Қазақстанда 5 маусым, жексенбі күні өткен конституциялық референдумның нәтижелерін назарға алады. Бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады.

Қазақстан – Еуроодақ үшін маңызды әріптес

ЕО Қазақстанда қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформалармен қоса, 16 наурызда Президент Қ.Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды. Біз, сондай-ақ, халықпен тікелей консультациялар өткізу және референдум барысын қадағалау үшін ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроны шақыру жө­ніндегі шешімді құптай­мыз. Болашақта Қазақ­стан үшін ЕҚЫҰ Демо­кратиялық институт­тар және адам құқық­тары жөнін­дегі бюроның ұсыным­дарын толық орындау аса маңызды.

Қазақстан Еуропалық одақ үшін ма­ңыз­ды әрі құнды әріптес болып қала бе­реді. Біз бейбіт жиналыстардың, ашық пі­кір білдіру мен қауымдастықтың негізгі еркін­­діктерін қоса алғанда, кеңейтілген әріптес­­тік пен ынтымақтастық туралы келісі­мі­міздің міндеттемелерін орындау, сондай-ақ байланыстарымызды, сауда және ынтымақтастығымызды дамыту үшін бірлесе жұмыс істейміз.

 

Питер СТАНО,

Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жетекші баспасөз хатшысы