
Жексенбі күні Алматы қаласында сайлаушылар референдум учаскелеріне ағылды. Алғаш рет дауыс беріп отырған 18 жастағы студент Аян экс-президентке қатысты жеңілдіктің негізгі заңнан алынып тасталуын құптайтынын айтты. «Оның біздің тарих кітаптарында орны бар, бірақ конституцияда барлық азаматтар тең болуы керек», деді ол өзінің университетінде дауыс бергеннен кейін.
Қаңтар оқиғасынан кейін ел Президенті Қ.Тоқаев Н.Назарбаевтың мемлекет құрудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Дағдарыстан бері Назарбаев көпшілік алдына шықпады, бірақ жексенбі күні елордада дауыс беріп, Тоқаевты және өзгерістерді қолдайтынын білдірді.