Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Бізді жақсы болашақ күтіп тұр

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық референ­думға бару арқылы Қазақ елін жаңа бағытпен, жаңа мақсатпен, жаңа ой-ниетпен, адалдық пен әділдік жолымен дамытуға бет алғаны анық.

Бізді жақсы болашақ күтіп тұр

«Маған халқымның ертең емес, бүгін жақсы өмір сүргені керек», «Маған басы артық биліктің қажеті жоқ», «Менде өз халқым мен еліме адал қызмет етуден өзге мүдде жоқ» деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтқандарынан Мемлекет басшысының туған елі мен халқының мүддесін бәрінен жоғары қойып отырғаны сөзсіз байқалады.

Қаңтар оқиғасы кезінде өз өміріне төнген қатерге қарамастан, Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалған Президентіміздің тәуелсіздік мүддесіне адал екендігіне еш күмән болмауы керек.

Референдумға отбасымызбен ерте барып, дауыс бердік. Amanat партиясының жанындағы штаб мүшесі ретінде Қорғалжын ауданында, Қосшы қаласында және Көкшетау қаласының түрлі мекемелерінде көптеген кездесу өткіздім.

Нұр-Сұлтан қаласында референдум онлайн марафонына да қатысу құрметіне ие болдым. Осы марафон барысында барлық Қазақстан халқының көтеріңкі көңіл күйін аңдадым. Жүз­дерінен қуаныш лебі айқын сезіледі. Ол қуанышты болашаққа деген сенім деп қабылдадым. Иә, бізді жақсы болашақ күтіп тұр! Өз басым соған сенемін!

Референдумға қатысқан қазақстан­дықтардың басым бөлігінің консти­туциялық реформаны қолдағаны қуантып отыр. Мұның өзі қазақстан­дықтардың Президент бастамаларына сөзсіз сенетіндігін айқындай түссе керек.

 

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

қоғам қайраткері