Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Еуропа қазақтарының арасында футболдан жарыс өтті

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-5 маусым аралығында Париж қаласында Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өтетін Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында футбол жарысы өтті деп хабарлайды Egemen.kz

Еуропа қазақтарының арасында футболдан жарыс өтті

2022 жылдың 4-5 маусым аралығында, Францияның Париж қаласында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы өтті. Шара ҚР Франциядағы елшілігі мен Франциядағы Қазақ-Түрік қоғамы, сонымен қатар «Отандастар қоры» ҚеАҚ-ның атсалысуымен ұйымдастырылған. 

Кездесу-құрылтайдың ресми ашылуы Еуропа елдері мен Қазақстаннан келген командалар арасындағы футбол ойындарының өтуімен бастау алды. Тоғыз елдің намысын қорғаған 13 команда өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, Парижден – 4, Берлиннен – 1, Кельннан – 1, Мюнхеннен – 1, Венадан – 1, Түркиядан – 1, Қазақстаннан – 3 және Голландиядан – 1 команда футбол алаңында бас қосты.

Ашылу салтанатында Garges-Les-Gonesse қаласының мэры Benoit Jimenez бен «Отандастар қоры» ҚеАҚның президенті Абзал Сапарбекұлы сөз сөйлеп, әр қомандаға сәттілік тіледі. Ойын барысында Қазақстан елінен келген «Алматы» командасы мен «Париж - 1» командасы финалға шығып, дода соңында Алматы командасы жеңіске жетті.