Аймақтар • 05 Маусым, 2022

Түркістан өңірінің тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да ұйымдастырылған №133 референдум учаскесінде 2,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Таңғы 7-ден бастап белсенділік танытқан тұрғындар Жаңа Қазақстанды құруға деген ниеттерін білдіріп, өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан өңірінің тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

Аталған референдум учаскесінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те дауыс берді. Учаске төрағасы Бегахмет Әбусейтовтің айтуынша, референдум заң талаптарына сай әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр.

й

«Бұл аумаққа тіркелген сайлаушылардың белсенділігі өте жақсы. Ең алғаш келіп, дауыс берген азаматтарға сый-сияпат жасалды. Мұнда 2459 сайлаушы тіркелген. Оның көпшілігі – университет студенттері мен ұстаздары және қала тұрғындары. Учаскеде барлық әдістемелік құрал-жабдықтар орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалып, арнайы кабиналар қарастырылған», дейді Б.Әбусейтов.

Тағы бір айта кетерлігі, №133 сайлау учаскесінде Түркістанда гастрольдік сапармен жүрген «Астана Опера» театрының әртістері де болып, референдумға қатысты. Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге өз көзқарастарын бюллетень арқылы білдірді. Ал Түркістан қаласындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында орналасқан №880 сайлау учаскесінде қаланың шеткі шағын аудандарының тұрғындары дауыс беруде. Мұнда 1933 сайлаушы тіркелген.

Өңірдегі 914 сайлау учаскесінде 6500 бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025