Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Референдум: Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат дауыс береді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум: Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат дауыс береді

Мәлім етілгендей, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын үкімі заңды күшіне енбеген азаматтар белсенді сайлау құқығына ие. Мәселен, 16 тергеу изоляторында олардың орналасқан жері бойынша жабық учаскелер құрылған.

«Сайлау процесі өтіп жатқан үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілді. Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруге республиканың тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат қатыса алады», деді ведомстводан.

Тергеу оқшаулағышында орналасқан азаматтар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы алдын ала хабардар етілген.