Оқиға • 03 Маусым, 2022

Қырғызстанда мектеп оқушысына найзағай түсті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токмокта 13 жасар қыз найзағай соғып, көз жұмды. Тағы екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда мектеп оқушысына найзағай түсті

Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға №3 қалалық мектептің жанында болған. 

«13 жастағы оқушы қыз найзағай соғып, сол жерде көз жұмды. Тағы бір 13 жасар қыз бен 17 жастағы жасөспірім Токмок аумақтық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.