Аймақтар • 02 Маусым, 2022

Үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған Риддер тұрғыны ұсталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддердің 28 жастағы тұрғыны үйінде есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды. Тексеру барысында үйіндегі ас үйден белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ зат салынған орамдар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған Риддер тұрғыны ұсталды

Сондай-ақ полицейлер қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қорап, электронды таразы, пластикалық қораптар мен қара электрлік таспамен оралған қоңыр түсті ұнтақты зат салынған полимерлі пакетті тапты.

Табылған заттарға сараптама жүргізіліп, картон қораптағы зат салмағы 3,05 грамм «кептірілген марихуана», ал пластикалық қораптағы зат - салмағы 6,10 грамм «каннабис шайыры» екені анықталды.

«Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», делінген  Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.