Елорда • 19 Мамыр, 2022

Елордада екі көше уақытша жабылады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қабанбай батыр және Жеңіс даңғылдарында жол төсемдерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада екі көше уақытша жабылады

20 мамырда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Қараөткел көпіріне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Сонымен қатар 20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген бейінді басқарманың хабарламасында.

Аяна Тоғанбек