Аймақтар • 17 Мамыр, 2022

Алматыда субұрқақтар іске қосылады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 мамырға дейін мегаполистегі 60 коммуналдық субұрқақты іске қосу жоспарланған. Қазір оның 16-сы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда субұрқақтар іске қосылады

Алматыда барлығы 128 субұрқақ бар. Оның 63-і қала меншігінде, ал 65-і жекенменшікте. Субұрқақтар сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Кейінгі бес жылда 13 жаңа субұрқақ салынды. Алайда қаладағы субұрқақтардың басым бөлігі – 60-80-жылдары салынған. Оларды жөндеу, қалпына келтіру техникалық жағынан дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.

Қазіргі ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы жанындағы және ҚБТУ ғимаратының артында орналасқан «Северный» саябағындағы субұрқақ жөнделіп жатыр. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры алдындағы фонтанның орталық тостағандарын ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу қажет.

Әр субұрқақта қауіпсіздікті сақтау мақсатында шомылуға болмайтыны туралы тақтайшалар орнатылған. Өйткені олардың конструкцияларының ішінде электр, суасты жарықтандыру құрылғылары, суасты сорғылар мен тағы басқа да жабдықтар бар.

Аяна Тоғанбек

 
 
Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35