Қазақстан • 17 Мамыр, 2022

Мал шаруашылығын инновацияландыру жол картасы әзірленеді

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мал шаруашылығы саласына инновацияларды енгізу жөніндегі жол картасын дайындау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мал шаруашылығын инновацияландыру жол картасы әзірленеді

«Көптеген елдердің тәжірибесі ғылым мен өндіріс арасында байланыс болмайынша, саланың тиімділігін арттыру мүмкін емес екенін көрсетті. Ауыл шаруашылығы, Білім министрліктері мен «Атамекен» палатасы салаға инновацияларды енгізу жөніндегі жол картасын дайындауы қажет», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, фермерлер мен инвесторлар заманауи технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды енгізуге қаражат бөлуге мүдделі болуы тиіс.

«Жалпы мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік органдардың, фермерлердің, бизнестің, ғылым мен ветеринарияның ортақ позициясы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана нәтижелі болмақ», деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше