Коронавирус • 13 Мамыр, 2022

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторинг жүргізу барысында еліміздің 12 өңірінен BA.2 «Стелс-Омикрон» штамын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды.

Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды.

Сондай-ақ B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ын құрайды.

ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.

«Алты ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың үш түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған», дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025