ANTIKOR • 13 Мамыр, 2022

1 млн теңге пара алған Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп жазды Egemen.kz.

1 млн теңге пара алған Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Спикердің сөзінше, мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмыстардың дені мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру және құрылыс секторында жүзеге асырылады.

«Мәселен, Қызылорда облысында Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған Мәдениет басқармасының басшысы Әбуова сотталды. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Балықбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды», деді спикер. 

Ол жолдар мен су өткізгіш құбырларды жөндеуге мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын жасағаны үшін кәсіпкерден 1,8 млн теңге көлемінде 10% қайтарымсыз сыйақы алған.

«Өткен жылы агенттік Атырауда құны 145 млн теңге болатын Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасау және орнату туралы келісім жасағаны үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованы әшкерелеген болатын», деген Ұлан Сарқұлов мұндай мысалдар өте көп екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025