Аймақтар • 13 Мамыр, 2022

Баспана сатып алуда Қарағанды облысы көш бастап тұр

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52520 мәміле тіркелді. Бұл наурыз айымен (67 801) салыстырғанда 22,5% кем, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Баспана сатып алуда Қарағанды облысы көш бастап тұр

Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 және 5 900 шарт. Наурыз айында да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығының саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (958).

Қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған, барлығы – 38 149 мәміле. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары құп көрген.

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп кемуі Маңғыстау облысында тіркелді - 48,9%.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025