Аймақтар • 12 Мамыр, 2022

Қаңғыбас иттерді қамау жұмыстары 20 мамырдан басталады

1440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринариялық мониторинг және есептілік бөлімінің басшысы Нұркен Бояров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қаңғыбас иттерді қамау жұмыстары 20 мамырдан басталады

Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы 2022 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енуіне байланысты, қаңғыбас иттерді қамап, жою жұмыстары тоқтатылған болатын.

Алайда, аталған мәселе өңірде өзекті болуына байланысты, Атырау қаласы әкімдігі мен барлық ауылдық округтерде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары ұйымдастырылады. 

- Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, мамыр айының соңына дейін өткізілетін болады. Жеңген мердігер мекеме барлық жұмысты ұйымдастырады. Ал, иттерді тірілей аулау жұмыстары осы жылдың 20 мамырынан бастап жүргізіледі. Кейін ауланған иттер арнайы панажайға орналастырылады, - деді Н.Бояров. 

Сондай-ақ оның айтуынша, иттерді тамақтандыру, тазалық және екпе жұмыстарының барлығы конкурстан ұтқан мекеменің міндетіне кіреді.

Ал, Атырау қалалық ветеринарлық стансасының басшысы Сатыбалды Оразғалиев Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң 2 наурыздан бастап күшіне енгенін, Заңға сәйкес ауланғаннан кейін үйсіз жануарлар чиптеуге, залалсыздандыруға жататынын мәлім етті. Алайда, оларға жабайы, агрессивті жануарлар жатпайды. Оның айтуынша, мердігер ұйымда жануардың агрессивтілігін анықтайтын кинолог болады.  Ал, басқаларға зиян келтіруі мүмкін жабайы жануарлар дәрілік жолмен жансыздандыруға жатады. 

Айта кетейік, былтыр өңірде 17 мыңнан астам ит ату әдісімен жойылған.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025