Экономика • 12 Мамыр, 2022

Жыл басынан бері ел экономикасы 4,4% өскен

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының бірқатар саласында өсім байқалды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері ел экономикасы 4,4% өскен

«Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда», деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайған.

«Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3%-ті құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,7%-ті құрады», деді ол.

Инвестициялар білім беруде – 87%-ке, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 74,1%-ке, құрылыс саласында – 61,9%-ке, ғылыми және техникалық қызметте – 53,7%-ке өскен.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалуда.