Аймақтар • 10 Мамыр, 2022

ШҚО-да пробация қызметінен жасырынған 20-ға жуық сотталған ұсталды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да жыл басынан бері пробация қызметінен жасырынған 20-ға жуық сотталған ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


ШҚО-да пробация қызметінен жасырынған 20-ға жуық сотталған ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметінің қызметкерлері демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде қызмет атқарады.

Осылайша полиция қызметкерлерімен бірге пробация қызметінің қызметкерлері осы жылдың төрт айында 20-ға жуық есепке алынған адамдарды іздестірді, олар пробация қызметінің бақылауынан әдейі жасырынған.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жұмыс жүргізді. Сот үкімімен бостандықта түзелу мүмкіндігі берілген есепке алынған адамдар пробация қызметіне тіркелу үшін келуге, тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, сондай-ақ тұратын жерінің шегінен тыс жерге жоспарланатын сапарлар туралы хабардар етуге міндетті. Алайда сотталғандар сот үкіміне қарамастан, жазаны өтеу шарттарын жиі бұзады және жазаны өтеуден жалтарады.

«Жақын арада есепте тұрған адамдарға жазасын өтеуден жалтару қиын болады. Осы жылдың сәуір айынан бастап оларға электронды білезік тағыла басталды, оның көмегімен пробация қызметінің қызметкерлері жасырынып қалған есепке алынған адамдардың тұрған жерін оңай анықтай алады», деді Солжағалау ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Ерасыл Төлегенов.

Осылайша криминалдық полициямен бірге пробация қызметінің қызметкерлері үйлесімді жұмыс жүргізді, нәтижесінде 20-ға жуық есепке алынған адамдар ұсталды.

Аяна Тоғанбек