Әлем • 06 Мамыр, 2022

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып тастады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 мамырда Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып тастады

Оқиға Джалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы Актам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекенінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алып, Ала-Бука ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Сол жерде олар есін жимастан қаза болған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бука бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды», деді Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдері.