Аймақтар • 05 Мамыр, 2022

Қызылордада республикалық шахмат фестивалі басталды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сыр елінде балалар арасында шахмат фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада республикалық шахмат фестивалі басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, фестивальге еліміздің 12 өңірі мен облыс аудандарынан барлығы 300-ге жуық шахматшы қатысып, өз өнерлерін ортаға салуда. Мектеп жасындағы балалар арасында шахмат ойынының таралуына, балалардың интеллектуалды дамуына ықпал жасап, шахматшылардың шеберліктерін дамытуды мақсат еткен сайыс 6 күнге жалғасатын болады.

Айта кетейік, 6-12 жас аралығындағы балалар жас ерекшкліктеріне қарай "Ең жас шахматшы" атағы үшін бақ сынасады.