Қоғам • 03 Мамыр, 2022

Каспий құбыры консорциумы толық қалпына келтірілді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий құбыры консорциумы толық қалпына келтірілді

«Каспий құбыр желісі консорциумындағы жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда, екі жылжымалы айлақ қондырғысы іске қосылған, яғни сәуір айының соңында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл өз кезегінде мұнай құбырларының қуаттылығын 100 пайыз қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы бір апатты болған жылжымалы айлақ қондырғысы жөндеуде тұр. Атап айтқанда, бұл қондырғы осыған дейін жоспарлы жөндеуге тапсырылуы тиіс еді. Сондықтан ондағы жұмыстар жалғасады», деді Б. Ақшолақов.

Министр Каспий құбыр желісі консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұрғанын нақтылады. Ол үшін жылжымалы айлақ қондырғысы мамыр айында толық жөндеуден өтетін болады.