Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Қазақстан және Ресей ІІМ есірткі қылмысына қарсы арнайы операция өткізді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрліктерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері екі елдің аумағында есірткіге қарсы арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан және Ресей ІІМ есірткі қылмысына қарсы арнайы операция өткізді

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппаратының, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылды.

Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады. Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны «синтетиканы» дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған.

Полицейлер жалпы сомасы 9,5 млн астам АҚШ долларына бағаланатын 260 кг есірткіні тәркіледі.