ANTIKOR • 30 Сәуір, 2022

Патрульдік полиция полкінің рота командирі парамен ұсталды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.


 

Патрульдік полиция полкінің рота командирі парамен ұсталды

«Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алды (Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша)» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 27 сәуірінде Арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.