Теннис • 21 Сәуір, 2022

Неміс қыздарын бет қаратар емес

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Неміс қыздарын бет қаратар емес

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 224-орында тұрған, жарысқа арнайы шақыртумен қатысып жатқан германиялық Настасья-Мариана Шунк­пен шеберлік байқасты. Қарсыластар бұған дейін кездеспеген. Өткен аптада елордада Қазақстан-Германия матчында Лаура Зиге­мунд пен Анжелика Керберді ұтқан Елена бұл жолы да неміс қызын қапы қалдырды. Бірінші партияда 19 жастағы теннисші 4:2 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Е.Рыбакина басымдық танытты – 7:6 (7:3). Екінші сетті Елена брейкпен бастады – 2:0. Алай­да матчқа доп бергенде, Шунк брейк жасап кетті – 5:5. Дегенмен Рыбакина сол бойда қай­тадан брейкке қол жеткізді – 6:5. Соңғы гейм­де отандасымыз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:5.

Е.Рыбакина жүлде қоры 703 580 АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына өту үшін әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаға қарсы кортқа шығады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58