Қазақстан • 19 Сәуір, 2022

Қаңтар қырғынына қатысты 1 260 қылмыстық іс тергеліп жатыр

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер органдары «қаңтар оқиғаларына» қатысты 1 260 қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар қырғынына қатысты 1 260 қылмыстық іс тергеліп жатыр

«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. Оның ішінде ауыр қылмыс жасау күдігіне ілігіп, күзетпен ұсталып отырған 158 адамға қатысты істің де бар екенін атап өткім келеді», деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындарда түсірілген бейнежазбалармен, куәгерлермен және заттай дәйектермен дәлелденген.

«Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», деді департамент бастығы.