Қазақстан • 17 Сәуір, 2022

3 қалада ауа сапасы нашарлайды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 қалада ауа сапасы нашарлайды

17 сәуірде Алматы, Ақтөбе және Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.