Қоғам • 14 Сәуір, 2022

Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматы қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні тойланады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі

«Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне бір млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі», деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Жеңіс күні 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді.

Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды.

Аяна Тоғанбек

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50