Қазақстан • 14 Сәуір, 2022

Ираннан Қазақстанға ұшатын рейстер қайта ашылады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ираннан Қазақстанға ұшатын рейстер қайта ашылады

«Биылғы 20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air» әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады», деп жазылған хабарламада.

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге жүзеге асады.