Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді
Оның айтуынша, Жамбыл облысының Шу станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Құмөзек-Шу» аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында АКС-74У маркалы автомат пен 5,45 мм калибрлі 19 патрон тауып, тәркілеген.

Ведомство басшысы тексеру барысында автомат қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облысы полиция департаменті ғимаратынан ұрланғандығы анықталғанын атап өтті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нiң 287-бабы 3-бөлігі, яғни қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.