Өнер • 08 Сәуір, 2022

Димаш Германияның Дюссельдорф стадионында ән шырқайды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 сәуірде белгілі қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген «ARNAU» концерттік турын жалғастыру үшін Германияға ұшып барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Германияның Дюссельдорф стадионында ән шырқайды

«ARNAU» концерттік бағдарлама 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген еді.

Димашты Германиядағы жанкүйерлері жылы әрі жарқын қарсы алды. Димаштың келуіне дейін жанкүйерлер әуежайда жиналып, әсерлерімен бөлісті, әртістің сүйікті әндерін талқылады.

Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Швеция, Канада, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және басқа елдерден келген жанкүйерлер Димашты қуана қарсы алды. Тіпті «Сәлеметсіз бе!», «Рахмет сізге!» секілді қазақша сөздерді жаттап алғандары да болды.

Димаш Құдайберген өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне шексіз алғысын білдіріп, қалыптасқан дәстүр бойынша сыйлықтармен алмасып, бірнеше қолтаңба берді.

9 сәуірде Дюссельдорфтың «ISS Dome» стадионында Димаштың алғашқы концерті өтеді.