Аймақтар • 07 Сәуір, 2022

Екі елдің азаматтығын аламын деп елден қуылды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

71 жастағы ер адам Қазақстан азаматы бола тұра Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын айтпаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі елдің азаматтығын аламын деп елден қуылды

«Наурыз айының 29-ы күні 71 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған. Ер адамның атына ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот материалды қарап, шетел азаматын ел шекарасынан шығару жөнінде шешім қабылдады», деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес ел азаматы шетелдік азаматтықты алу туралы фактіні Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе Қазақстан Республикасы шекарасынан шығарылады.