Парламент • 06 Сәуір, 2022

Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламент Мәжілісі атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әріптестеріне Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода таныстырды.

Құжатта атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша заңнамалық актілердегі олқылықтарды, коллизиялар мен қайшылықтарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою көзделеді.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтің айтуына қарағанда, заң жобасын қабылдау бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Олар:

- жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді аяқтаған кезде алдыңғы жеке сот орындаушылары шығарған мәжбүрлеу шаралары туралы барлық қаулылардың күшін жою міндетін белгілеу;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болғызбау мақсатында борышкерді шақыру негіздерін қысқарту;

- жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін жіберу және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабар беру жөніндегі міндетін белгілеу. Заң жобасы қабылданған жағдайда мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар көзделеді:

- атқарушылық іс жүргізуге қатысатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын неғұрлым жақсы қамтамасыз ету;

- атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштердің санын азайту. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдап дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше