Президент • 04 Сәуір, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында мемлекеттік сапармен Түркияға барады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында мемлекеттік сапармен Түркияға барады

Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Биыл наурыз айында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.

Түркия көшбасшысы Қазақстан Президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.

Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025