Футбол • 03 Сәуір, 2022

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің төртінші туры өтеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің төртінші туры өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің төртінші туры өтеді

Дүбірлі додада 14 команда бақ сынап, екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады.

Төртінші тур ойындары екі күнге белгіленген: 3 сәуірде бес кездесу өткізілсе, 4 сәуірде екі ойын болады.

Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде «Ақтөбе» мен қарағандылық «Шахтер» командалары арасындағы кездесу ерекше атаа өтті. Алғашқы үш турдан кейін алты ұпаймен «Шахтер» төртінші орында тұрса, «Ақтөбе» үш ұпайментоғызыншы орында келеді. Кездесу елорда уақытымен 15:00-де басталады.