Қазақстан • 01 Сәуір, 2022

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өтеді

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өтеді

Конкурсты өткізу мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 30 адам. 

Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат: 

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы болмауы керек;
  • Заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда Сот кінәлі деп танымаған болуы керек.
  • психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы керек.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру орналастырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды тапсырады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталмаған болуы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3-ші және 4-ші тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйелерінен талап етіп алдыруына болады.

Құжаттар 2022 жылғы 15 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-ғимарат мекенжайы бойынша қолма-қол қабылданады. Телефон нөмірі: 74-03-56, 74-18-37 немесе электрондық ilyas.issabekov@qogam.gov.kz мекенжайына жолдауға болады.