Президент • 31 Наурыз, 2022

Мәжіліс жаңа форматта жұмыс істей бастады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің төрағасы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі Палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс жаңа форматта жұмыс істей бастады

Екінші сессия басталғалы бері Мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түсті. Оның 53-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Мәжіліс төрағасы Президентке Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматтары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.

Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжілісмендер жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.