Оқиға • 30 Наурыз, 2022

Мұнайлыда топырақ ұрлағандар ұсталды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысына қарасты Басқұдық ауылдық округінде түнгі мезгілде полигонда заңсыз топырақ ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнайлыда топырақ ұрлағандар ұсталды

«Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, жедел әрекет еткен. Нәтижесінде заңға қайшы ісі үшін жүк көліктері Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің айып тұрағына жабылды», деп жазылған хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылмақ.