Аймақтар • 21 Наурыз, 2022

Петропавлдағы ЖЭО-2 қалпына келтіріліп жатыр

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдағы ЖЭО-2 қазандықтарының жұмысы қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдағы ЖЭО-2  қалпына келтіріліп жатыр

«2022 жылғы 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2 №1 түтін құбыры жартылай құлағанға дейін 4 қазандық жұмыс істеді. Технологиялық тұрғыда бұзылғаннан кейін, 2 қазандық қалды. Жылу энергиясын берудің төмендеуі нәтижесінде жылу желілеріндегі температура +40°С-ға дейін төмендеді», делінген министрлік мәліметінде.

Белгілі болғандай, 2022 жылғы 21 наурызда сағат 9:30-да 3-ші қазандық іске қосылды, жылу желілерінде температура көтеріле бастады.Түстен кейін 4 қазандықты қосу жоспарлануда, бұл жылу желілерінің температуралық режимін белгіленген мөлшерге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, түтін мұржасының бұзылуынан үйінділерді тазарту, соның ішінде электр станциясының машинистін іздеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ бұзылудың масштабын және қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау жүргізіліп жатыр», деп аталып өткен хабарламада.

Еске сала кетейік, Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлады.

Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жұмысшылардың біреуі табылмай жатыр.