
25 наурыз күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінде Нұрдос Төлебай да шаршы алаңға көтеріледі. Ол өзбекстандық Бұргүт Ходжибаевпен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы белдігінің иегері атанады. Ал бокс кешінің басты шайқасында рингке аса ауыр салмақ дәрежесіндегі үкілі үмітіміз Қамшыбек Қоңқабаев көтеріледі. Ол оңтүстік африкалық Джонни Мюллердің аптығын басуға тырысады.