Кәсіпқой бокс • 18 Наурыз, 2022

Рингте кездескің келсе анасына, отбасына тіл тигізуің керек - Майк Тайсон

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлемінің аңызы Майк Тайсон WBC тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Джермалл Чарлоға мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырудың тәсілін үйретті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рингте кездескің келсе анасына, отбасына тіл тигізуің керек - Майк Тайсон

«Сен неге осы күнге дейін Сауль Альвареспен жұдырықтаса алмай жүргеніңді білесің бе? Мәселені «өлім» нүктесінен бері қозғау үшін сен оның анасына, отбасына тіл тигізуің керек. Достық пейілде жүре беруге болмайды. Өзіңді Роберто Дюранның образына енгізгенің абзал. Ал жай ғана шайқасқа шақырып жүре берсең, оны рингке шығара алмайсың», деді бокс әлемінің аңызы boxingnews24 com-ға берген сұхбатында.